Пятница, Ноябрь 22, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Нық қадамның негізі

Нық қадамның негізі

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға этномәдени бірлестіктердің жастары  және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің кеңестермен жұмыс және ақпаратты насихаттау бөлімінің меңгерушісі Темірлан Шоқпаровтың айтуынша, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, студенттердің алаңсыз білім алып, болашаққа нық қадам жасауына даңғыл жол ашып отыр.

Басқосуда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Тарих, этнография және археология» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Дәулет Әбенов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің өкілі Анжелика Шталь Елбасы Үндеуінің маңыздылығына тоқталып, пікірлерін айтты.

А.ҚАЛДЫБЕК

http://www.aktobegazeti.kz/?p=64951

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.