Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер «Рухани жаңғыру» бағдарламасына көзқарастарын білдірді

Студенттер «Рухани жаңғыру» бағдарламасына көзқарастарын білдірді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультетінің Құқықтану кафедрасының оқытушылары Алимпиева Т.Г, Саутбаева С.Б., Нурутдинова А.Ж., Молдабеков Е.Б., Досов Ж.Б, Урбисинова Н.Е., Бердібаев Е.М. ұйымдастыруымен  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Тәуелсіз ел болашағы – білімді ұрпақ»  атты презентациялық байқауы өтті. Бұл шараның мақсаты — еліміздің мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болуы үшін болашаққа қалай қадам бастаймыз және мәдениеттілікті дамытуда бұқаралық сананы қалай өзгертеміз деген сауалдарға жастардың қөзқарастарын ортаға салу.

Аталған байқауға «Құқықтану» мамандығының жұмыстары арасынан 1-2 курс студенттері ең үздік презентациялары қатыстырылды.

Байқауда  экономика және құқық факультетінің кітапханашысы К.Н.Кребаева «Рухани жаңғыру» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Байқау  нәтижесінде келесі студенттер марапатталды: I-орынды топтық жобамен «Құқықтану» мамандығының 205-топ студенттері (Д.Сапарова, С.Рагимова, Н.Ерболекова, А.Әжмұрат, Т.Нурланов) иеленді.  II-орын 205-топ студенті Д.Бандуринаға, III-орын 101 топ студенті  А.Ерболатоваға берілді.  Қалған қатысушылар сертификаттармен және Алғыс хаттармен марапатталды.