Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттердің ғылым апталығының күнделігі — екінші күн

Студенттердің ғылым апталығының күнделігі — екінші күн

Студенттердің ғылым апталығының күнделігі

9-13 сәуір, 2018 жыл

10-шы сәуір

 

09.00-10.00 – Бас оқу ғимараты, 6-8 қабаттарда жаратылыстану факультетінің ашық есік күні өтті.

 

09.00 -12.00 – Бас оқу ғимараты, 8 қабаттың фойесінде жаратылыстану факультетінің ғылыми жетістіктер көрмесі өтті.

 

10.30-12.30 – Жастар сарайында «Жас орындаушы» байқауы өтті.

 

11.00-13.00-  Бас ғимарат, 1-ші қабатта  итальян график-суретшісі Луиджи Казалиноның жеке көрмесі өтті.

11.00-13.00 –Бас ғимарат, №326 аудиторияда «21 ғасырдағы психология» көрмесі өтті.

 

11.20-13.20 Бас ғимарат, №325 аудиторияда «Дефектология» және«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының 3-курс студенттері арасында пәндік олимпиада өтті.

 

12.00-13.00- №3 оқу ғимаратында, №  21 аудиторияда «Физикалық тартыс» атты интелектуалды конкурс өтті.

 

12.40 -14.30 — №2 оқу ғимараты, №302 аудиторияда «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы» пәндерінен олимпиада өтті.

 

13.00-15.00 — №2 оқу ғимараты, №201 аудиторияда  «География» пәнінен олимпиада өтті.

 

14.00-14.30 — №3 оқу ғимаратында  «Техникалық факультет конференц-залы», «Көлік ағынын зерттеу және басқару зертханасы» және «Бұрғылап арттыру жұмыстары» кабинеттерінің ашылуы  өтті.

14.00-15.00 — Бас оқу ғимараты, №701 аудиторияда «Зоолог» ғылыми үйірмесінің шеберлік сағаты өтті.

 

 

14.00-15.00 — №5 оқу ғимараты, №107 аудиторияда  «ЖОО-ғы студенттерде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

 

14.00-15.00-  №3 оқу ғимараты, №21 аудиторияда  «Көптілдік-заманауи білім берудің артықшылықтарының бірі» тақырыбында семинар өтті.

 

14.00-15.00 — Бас оқу ғимараты, №326 аудиторияда Арт- терапия бойынша тренинг өтті.

 

14.00 -15.00- Бас оқу ғимараты, №325 аудиторияда «Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.

 

14.00-15.00- №6 оқу ғимараты, «Абайтану» ҒЗО-да  «Х.Досмұхамедұлының ғылыми-зерттеу еңбектері жастар көзімен» атты семинар өтті.

 

14.00-15.00- №6 оқу ғимараты, №323 аудиторияда  «Линия жизни» тақырыбында Татарстан Республикасы Набережные челны мемлекеттік педагогикалық университеті профессоры  В.В.Макаровамен шығармашылық кездесу өтті.

  1. 00-15.00 — №6 оқу ғимараты, «Жұбановтану» ҒЗО-да «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асырудағы Қ.Жұбанов еңбектерінің маңызы» тақырыбында

ғылыми пікір алмасу өтті.

 

14.00-16.00- №6 оқу ғимараты, №218 аудиторияда ағылшын және неміс тілдерінен пәндік олимпиаданың 2 туры: тындау және оқу /тест/ өтті.

 

14.00-16.00- №3 оқу ғимараты, №411 аудиторияда үздік программалар байқауы өтті.

 

14.00 -16.00 — №5 оқу ғимараты, №309 аудиторияда «Менеджмент» пәнінен пәндік олимпиада өтті.

 

14.00-16.00- Бас оқу ғимараты, №216 аудиторияда  «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының студенттері арасында «Студент тұлғасын қалыптастырудағы педагогика, психология ғылымының рөлі» тақырыбында конференция өтті.

 

14.00-16.00- №6 оқу ғимараты, №411, 412 аудиторияларда «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша облыстық олимпиаданың қорытынды туры (ІІІ тур)  өтті.

 

 

14.30-17.00 — Бас оқу ғимараты, №113 «а» аудиторияда «Арт-юрта» атты студенттік шығармашылық көрмесі өтті.

 

14.30-17.00- Бас оқу ғимараты, №215 аудиторияда  «Методологические аспекты подготовки научного проекта»- «Ғылыми жобаларды дайындаудың әдістемелік аспектілері» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

14.40 -16.30 — №2 оқу ғимарат, №102 аудиторияда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

15.00-16.15 — №3 оқу ғимаратында  Д.Үмбетжанов атындағы ғылыми-инновациялық дәрісхана мен арнайы кабинеттер ашылды.

 

15.00-16.00- №3 оқу ғимараты, №117 аудиторияда  «Мұнай-газ саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудағы мәселелер» тақырыбында семинар өтті.

 

15.00-16.00 — Бас оқу ғимараты, №326 аудиторияда «Тайм-менеджмент» тренингі өтті.

 

15.00-16.00 — Бас оқу ғимараты, №326 аудиторияда «Практик-психологтың метафоралық ассоциативті карталар (МАК) арқылы жұмыс жүргізуінің ерекшеліктері» тақырыбында тренинг өтті.

17.00-18.00 — Бас оқу ғимараты, Қ.Жұбанов атындағы конференц-залда «Smart оқу орнын қалыптастыру — біліктілікті маман дайындаудағы басты кепілі» дебаттық турнир өтті.

Турнирге Ақтөбе қаласының Ауылшаруашылық және Политехникалық колледждерінің студенттері де қатысты.

Турнир  қорытындысы бойынша 1-жүлделі орынды Жұбанов университетінің «Цунами» фракциясы, 2-жүлделі орынды АПК-ның IT фракциясы, 3-орынды Ауылшаруашылық колледжінің «Регион» фракциясы иеленді. Дебат турнирінің «Үздік спикері»  АПК  студенті Айсұлу Тағабергенова болып танылды.