Четверг, Сентябрь 19, 2019
Басты > Жаңалықтар > Мектеп мұғалімдері Қонақ дәрістер өткізді

Мектеп мұғалімдері Қонақ дәрістер өткізді

Филология факультетінде «Қонақ дәрістер» айдарымен «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3-курс студенттеріне  мектеп мұғалімдерінің   жаңартылған білім бағдарламасымен жұмыс жасау тәжірибесін үйрету мақсатында сабақтар ұйымдастырылды. Жаңартылған білім бағдарламасына сай қазақ тілі мен әдебиетінің 5-7 класс оқулықтары мазмұнына негізделген жоспар түрлерін дайындау, жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігі мен бағалау әдістері және «Блум» таксономиясы тақырыбында коучингтер ұйымдастырылды. Коучингті Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе орта мектебінің мұғалімдері Хайруллаева Меруерт, Аубакирова Гүлжанар жүргізді. Нәтижесінде студенттер «Блум» таксономиясының ұйымдастырылуы мен сабақта қолданылуын, интербелсенді әдістерді жетік меңгеріп, ризашылықтарын білдірді. Факультет тарапынан мұғалімдерге сертификат табысталды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.