Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін Жұбанов университетінде «Жылдың ең үздік студенттік ғылыми үйірмесі» анықталды

Бүгін Жұбанов университетінде «Жылдың ең үздік студенттік ғылыми үйірмесі» анықталды

Бүгін  Жұбанов университетінде  Ғылым апталығы аясында  «Жылдың ең үздік студенттік ғылыми  үйірмесі» байқауы өтті. Байқау жүлдегерлерін анықтау студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жүргізілді. Баға беруші қазылар қатарында   педагогика ғылымдарының докторы, профессор Клара Төребаева, химия  ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Тастанова, Ғылыми-инновациялық бағдарламалар департаментінің директоры Берікхан Иісбекұлы, «Инновация және кәсіпкерлікті дамыту» орталығының директоры Әсел Шетиева сияқты ғылым саласында өзіндік қолтаңбасы бар ғалымдар болды.

Шарада сөз сөйлеген  Ғылыми-инновациялық бағдарламалар департаментінің директоры Берікхан Иісбекұлы өтіп жатырған ғылым апталығының маңызына тоқталып, ғылыми үйірмелерге қатысып, зерттеумен айналысып жүрген жастардың ғылым жолына табыстар тіледі.

Байқауға экономика және құқық факультетінің «Экомен», шетел тілдері факультетінің «Лингвистические особенности научно-предметной технологии», «Topical Issues of Modern Applied Linguistics», тарих факультетінің «Жас ғалым», «Турист және өлкетанушы», «Тарихи өлкетану», кәсіби-шығармашылық факультетінің «Искусство своими руками», «Дизайн костюма», филология факультетінің «Ғибрат», «Жас лингивист», педагогика факультетінің «Ізденіс», «Таным», барлығы   12 үйірме  қатысты.

Ғылыми үйірме жеңімпаздары апталықтың жабылуында марапатталатын болады.