Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет формасы: жаңа үлгі, жаңа келбет

Университет формасы: жаңа үлгі, жаңа келбет

Жоғары оқу орны – студент­тердің оқу ордасы ғана емес, тәрбие мен мәдениеттің оша­­ғы. Ондағы қызметкерлердің бірыңғай киім үлгісі өзінің іскери этикетін танытып қа­на қоймай, оқу ордасына, студенттері мен келген қонақтарына де­ген құр­меті­нің белгісі саналады.

Сайып келгенде тəлім мен тəрбиенің шынайы көрінісі киіммен де байланысты екенін ешкім жоққа шығара алмасы анық. Ендеше, тіл мен ділдің, мəдениетіміздің қатарын толықтыра түсетін, университет студенттерінің көшеге және қызметкерлердің жұмысқа бірдей киетін, жаңа үлгідегі киім түрлерін неге қолға алмасқа?

Осы орайда Университет басшылығының қолдауымен Маркетинг орталығы 2017 жылдың жаз айында ресми түрде Университеттің Қабылдау комиссиясы қызметкерлеріне ең соңғы үлгідегі киімдер тіктірген болатын. Енді міне, Қабылдау комиссиясының техникалық хатшылары осы бірыңғай формамен құжаттар қабылдап жатыр.

Ең алдымен зайырлылық сипатта болуына мән беріліп, киімнің пішіні классикалық үлгіде, бірыңғай түсті, үш түстен артық болмауы ескерілді. Университет формасы күнделікті және спорттық болып бөлінеді.  Ер адамдарға арналған киiм – көк түсті пиджак пен шалбар, ақ түсті қысқа жеңдi жейдеден, сары түсті галстуктан тұрады. Ал, әйелдердiң формасы екi түрлi, бiрi — көк түстi сарафан түрiнде болса, екiншiсi — жакет пен белдемше түрiнде. Олар да мойындарына сары түстi жұқа орамал тағады.

Сондай-ақ, Университет формасына спорттық киімдерден университет логотипі бейнеленген футболка мен кепка, көк түсті спорттық шалбар енгізілген.

Айта кететін жайт, оқуға құжат тапсырып жатырған талапкерлер мен олардың ата-аналары Университеттің киім үлгісіндегі жаңашылдыққа оң пікірлерін білдіріп, жоғары бағаларын беруде.