Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар >  «Ежелгі Грекия» интербелсенді ойыны өтті

 «Ежелгі Грекия» интербелсенді ойыны өтті

Осы университетке академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келіп, филология факультетінде екі апта дәріс жүргізген Ресей Федерациясы Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті «Татар тілі, әдебиеті және оқыту әдістемесі» кафедрасының професоры, филология ғылымдарының докторы Макарова Венера Файзиевна ұйымдастырды  Шара барысында филология мамандығының 2 курс студенттері «Афродита» және «Афины» командаларына бөлініп, өзара сайысқа түсті, ал 3 курс студенттері шараны ұйымдастыруға атсалысты.

Студенттердің  Ежелгі Грекия туралы теориялық білімін тереңдетуге бағытталған ойын 2 кезеңнен және 1 музыкалық сергіту сәтінен құралды. Алғашқы кезеңде Ежелгі Грекияның құдайлары, мифтері мен тарихи тұлғалары тақырыбында болса, 2 кезең әлемнің кереметтері, олимпиада ойындары, театр, архитектура мен өнер туралы  сұрақтарды қамтыды.

Музыкалық сергіту сәтінде татар ұлтының өкілі ретінде Венера Файзиевна татар биінен шеберлік сағатын өткізіп,  сайысқа түсушілер мен көрермендердің көңілін серпілтті.

«Ежелгі Грекия» интербелсенді ойыны студенттердің шетел әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттырды, теориялық білімін тереңдетіп, татар және қазақ ұлтының, әдебиетінің арасындағы байланысты нығайта түсті.

Шара соңында белсенділік танытқан студенттерге Алғыс хат тапсырылды.