Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясымен әріптестік нығая түспек

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясымен әріптестік нығая түспек

«СНПС» компаниясының Орта Азия мемлекеттері бойынша Бас директоры   Биэн Дэджы мырза Ақтөбе облысына іс-сапары аясында Жұбанов университетіне келді.  Мәртебелі қонақпен кездесуге «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясының Бас директоры Ван Цзюньрен мырза , университеттің бірінші проректоры Қуанышбек Шүңкеев, Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Гүлжан Шоқым, «Конфуций» институтының Қытай тарапынан директоры Ли Цзяньхун мырза,  Ғылыми-инновациялық бағдарламалар департаментінің директоры Берікхан Ісбек қатысты. Ресми басқосуда әріптестік қарым-қатынастар бағыты талқыланды. Содан соң Биэн Дэджы мырза «Конфуций» институтының жұмысымен танысты.