Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Серіктес оқу орны Быдгощ қаласындағы Экономика университетімен халықаралық ынтымақтастық кеңеюде

Серіктес оқу орны Быдгощ қаласындағы Экономика университетімен халықаралық ынтымақтастық кеңеюде

16 сәуірде Варшавада өткен Қазақстан-Польша форумы шеңберінде Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ басшылығының – университет ректоры, профессор Б.А.Ердембеков пен бірінші проректор, профессор Ш.Шүнкеевтің Быдгощ қаласының Экономика университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Мажен Собчак-Михайловская және спорт және дене шынықтыру институтының директоры Александр Скалимен кездесуі өтті.

Кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бірлескен бағдарламалар мен жобалардың бағыттарын кеңейту, Erasmus + бағдарламасы бойынша еуропалық жобаларға бірлесіп қатысу, «Мехатроника», «Информатика», «Халықаралық туризм» мамандықтары бойынша екі дипломдық білім беру бағдарламасының ашылуы талқыланды. Тараптар сондай-ақ Польша-Қазақстан мәдени байланыстарын Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің ұлттық орталықтары арқылы дамыту туралы мәселелерді талқылады.

Жұбанов университеттің басшылығы 2018 жылдың қазан айында Экономика университетіне құрметті қонақ ретінде шақырылған болатын.

19 сәуірде Экономика университеті дене шынықтыру және спорт институтының директоры, профессор Александр Скалидің шетелдік ғалым ретінде келуі күтілуде. Профессор А.Скалий «Дене шынықтыру мен спортты дамытудың заманауи мәселелері» халықаралық конференциясының пленарлық отырысында баяндама жасады. Сондай-ақ, профессор академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университет студенттері мен оқытушылары үшін дәрістер, тренингтер және семинарлар өткізді.

Быдгощ қаласындағы Экономика университеті — Жұбанов университетінің стратегиялық әріптесі, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, екі дипломдық білім беру, шетел ғалымдарын шақыру, ғылыми бірлескен жобалар мен басылымдардың сәтті жүзеге асырылуындағы серіктес университет.

Бүгінгі таңда Жұбанов университетінің 6 студенті Быдгощ қаласындағы Экономика университетінде екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Оқу аяқталған соң олар «Спорт менеджері» мамандығы бойынша еуропалық дәрежедегі диплом алады. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 20-дан астам студент семестрлік оқудан өтті. Біздің студенттеріміздің жоғары көрсеткіштерін поляк әріптестеріміз ерекше атап айтуда.