Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Профессор А.Айталы ұлт тарихына қатысты маңызды баяндама жасады

Профессор А.Айталы ұлт тарихына қатысты маңызды баяндама жасады

Фиолософия ғылымдарының докторы, профессор А.Айталы  Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен    «ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ: ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ АҚИҚАТЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ»  атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда «Ел  тарихындағы  пассионарлық  құлшыныстар және ұлттық болмыс» тақырыбына арналған баяндама жасады. Профессор А.Айталы  ұлт тарихындағы рухани  сабақтастық, батырлар ұрпақтарының  бүгінгі  келбеті, қазақ болмысы төңірегіндегі пессимистік  және реалистік пікірлерді талдады. Конференция Оңтүстік Қазақстан әкімдігі, ҚР Ғылым және Білім, ҚР мәдениет және спорт  министрліктері қолдауымен өткізілді.  Конференцияны «Жеті Жарғы»  және Қожаберген жырау халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының» төрағасы белгілі меценат Бекет Тұрғараев қаржыландырды.