Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өндіріс орнына саяхат

Өндіріс орнына саяхат

«Көлікті  пайдалану және  жүк  қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының 3 курс студенттері Ақтөбе стансасы диспетчерлері орталығының жұмысымен танысты. Шараны Жұбанов университетінің «Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасы ұйымдастырды.  Орталық диспетчері Әлімжан  Қожабаев өздері күнделікті атқаратын жұмыстарды студенттерге толық түсіндіре отырып, бұл сала қызметінің әрі қызықты, әрі жауапты екенін және теориялық білімді практикалық жұмыстармен толықтырғанда ғана сапалы білімге қол жеткізуге болатынын айтты. Диспетчер студенттерге күнделікті жасалатын поезд қозғалысын реттеу кестелерімен таныстырды. Ақтөбе бөлімшесіне қарайтын барлық аралықтардағы жол қозғалысын бір жерден бақылаған және қозғалысты ұйымдастыру жұмыстарын көрген,  болашақ мамандардың оқып жатқан мамдығына  деген құрметі арта түсті.