Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Туған жер – тұнған тарих» ғылыми еңбектер көрмесі өтті

«Туған жер – тұнған тарих» ғылыми еңбектер көрмесі өтті

Жұбанов университетінің Бас ғылыми кітапханасында ғалым-өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Беркін Құрманбековтың ғылыми еңбектеріне арналған «Туған жер – тұнған тарих» тақырыбындағы көрме өтті.

Көрмеге зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, өлкетанушалар профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

«Рухани жаңғыру» кеңсесінің үйлестірушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Самат Есқалиев жиынға қатысушыларды таныстырып, мақсатына тоқталды.

Университеттің экономика факультетінің бас кітапханашысы Жания Үндетова тарихшы Беркін Құрманбековтің еңбектеріне библиографиялық шолу жасады.