Вторник, Апрель 7, 2020
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде ашық интерактивтік дәріс өтті

Жұбанов университетінде ашық интерактивтік дәріс өтті

Бүгін экономика және құқық факультетінде инновациялық тәжірибеге бағдарланған технологияларды пайдалана отырып дәріс оқуға қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен практиктер-адвокаттарды, психологтарды тарту бойынша ашық интерактивтік дәріс өтті. Интерактивтік дәріс тақырыбы «Қазақстандық және халықаралық құқығында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау». Іс-шараның мақсаты: «Құқықтану» мамандығының 1-3 курс студенттерінің пәнаралық қарым-қатынастарын қалыптастыру, негізгі құзыреттерін қалыптастыру. Дәріс барысында 105 студент заңгерлер қатысты.

Өткізілген дәрістің нысаны: инновациялық тәжірибеге бағдарланған технологияларды пайдалана отырып қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен практиктер-адвокаттарды, психологтарды тартумен ашық интерактивтік дәріс.

Лекторлармен келесі сұрақтар қарастырылды: «Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау: заңдар, құжаттар, статистика», Алимпиева Татьяна Геннадьевна — т.ғ.к., «Құқықтану» кафедрасының доценті, «Жалпыға танылған халықаралық ережелер мен стандарттар — Қазақстан мен Ресейде баланың құқықтарын қорғаудың құқықтық негізі», Максименко Елена Ивановна —  з.ғ.к, Орынбор мемлекеттік университеті мемлекет және құқық теория кафедрасының доценті, «Баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын таңдау құқықтары», Бекбауова Асель Айдархановна — з.ғ.м., «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, «Кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар», Мурсалова Ляззат Амангалиевна — з.ғ.м., «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, «Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық әрекеттер» Бекбауова Айгуль Амангельдиевна — з.ғ.м., «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, «Азаматтық іс жүргізуде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау», Курманова Айгуль Куанышевна — з.ғ.к., Қ.Жұбанов ат.АӨМУ «Құқықтану» кафедрасының доценті.

Дәріс барысында Теориялық ережелер өнеркәсіптік тәжірибе негіздерінен шақырылған мамандардың практикалық мысалдарымен қамтамасыз етілді: №2 Ақтөбе қалалық сотының соты Оралбай Г.С., Ақтөбе облысының оқу басқармасының өзін-өзі тану және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі моральдық рухани тәрбие бөлімінің бас маманы Айтбаева Б.К., педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, PhD Ахметова Д.Б.