Четверг, Июнь 4, 2020
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің студенттері LVIIІ ғылыми конференциясында жоғары деңгей көрсетті

Жұбанов университетінің студенттері LVIIІ ғылыми конференциясында жоғары деңгей көрсетті

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Гүлдариға Симұқанованың ғылыми жетекшілігімен Жұбанов университетінің студенттері  Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің Студенттік ғылыми қоғамының 60 жылдық мерейтойына арналған LVIIІ ғылыми конференциясына қатысты.

Бұл шарада  университетіміздің «Физика — математика» факультетінің  3 курс студенті Қожабаева Карина  «Рухани жаңғыру және ұлттық сана» және осы факультеттің 2 курс студенті Шарапи Сәкен  «Астана – тәуелсіздіктің символы, еліміздің табысты дамуының кепілі» атты ғылыми жұмыстарын баяндап, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Конференцияда 22 секция жұмыс жасап, Қазақстанның және ТМД-ның жоғары оқу орындарының 300-ге жуық студенттері мен жас ғалымдары қатысты.

Конференцияға қатысушылар ғылыми жұмыстарын  ұсына отырып, жас және тәжірибелі зерттеушілер арасындағы заманауи ғылымның негізгі бағыттары туралы пікірлермен алмасты.