Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жастар саясаты > Университет КВН лигасының жетінші маусымының жеңімпаздары аңықталды

Университет КВН лигасының жетінші маусымының жеңімпаздары аңықталды

Бүгін «Жарқын болашаққа деген бір қадам» деген жалпы тақырыппен Студенттер сарайында өткен «Университет КВН лигасында» 5 команда: жаратылыстану факультетінің «Freedom», педагогика факультетінің «Әйгілі төрттік», экономика және құқық факультетінің «ЭкономКласс», техникалық факультетінің «ИТФ», жаратылыстану факультетінің «Глюкоза» командалары өнер көрсетті.

Жалпы университет бойынша Университет КВН лигасына 16 команда тіркелген болатын.

Айта кету керек, КВН ойындарына жастардың қызығушылығы жыл сайын артып келе жатыр, оның белгісі биыл жасақталған КВН командаларының саны артқаны.

Бүгін ойыншыларға қазылар алқасына еңген Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Елеуов; Республикалық КВН ойындарының чемпионы, «Экспресс» КВН командасының ойыншысы, Рика-ТВ телеарнасының жүргізушісі, журналист – Нұрсұлтан Назарғалиев; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеттің түлегі, Республикалық Премьер лига ойындарының чемпионы, жоғары лиганың қатысушысы «Фемида» КВН командасының ойыншысы – Жансаят Хамитов; 2015-2016 жж университет КВН лигасының үздік ойыншысы, 2017 жылғы чемпион, Фромтех КВН командасының беделді ойыншысы – Ғалымжан Бағлан, сонымен қатар Жоғары лигада өнер көрсеткен «Әдемі» КВН командасының капитаны, университет КВН лигасының экс ұйымдастырушысы – Руслан Артықбаев баға берді.

Ойын соңында университет КВН лигасы  жылғы чемпионы болып экономика және құқық факультетінің «ЭкономКласс» КВН командасы аталды.

II орынға техникалық факультетінің «ИТФ» құрамасы ие болды. Педагогика факультетінің «Әйгілі төрттік» КВН командасы III орынға шықты.

«Үздік әзіл» номинациясын «Freedom» командасы, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша «Әйгілі төрттік» командасының ойыншысы Роза Дүйсенбаева жеңіп алды. «Жыл жаңалығы» номинациясында жеңісі үшін «Эконом класс» командасы марапатталды.

Ойын соңында барлық қатысушы командаларға ақшалай сыйлық, кубоктік медальдар және есте қалар сыйлықтар тапсырылды.