Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университетінің студенттері ресейлік мәнерлеп оқу сайсына қатысты

Жұбанов университетінің студенттері ресейлік мәнерлеп оқу сайсына қатысты

Жоғары оқу орын студенттері арасында «Музыкалық ой — поэзия» атты мәнерлеп оқудан сайысы Орал мемлекеттік педагогикалық университетінде (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы) өтті.

Сайысқа қатысқан Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттер туралы ұйымдастырушылар тарапынан жылы пікірлер айтылды. Студенттердің жетекшісі, г.ғ.м., орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы Әбдіғази Сандуғаш Хасенқызына жолдаған Алғыс хатында ОМПУ өкілдері  студенттер дайындығының жоғары деңгейін ерекше атап өткен. Сайыс қортындысы бойынша тарих факультетінің І курс студенті Сұлтанаев Айсұлтан «Көркемсөз өнеріне сезімталдығы үшін», тарих факультетінің І курс студенті Орынбасаров Аслан «Әртістік өнері үшін», шетел тілдері факультетінің І курс студенті Сагидуллаев Назбек «Орыс мәдениетіне қызығушылық танытқаны үшін», шетел тілдері факультетінің І курс студенті Назданов Нұрлан «Орындау мәдениеті үшін», филология факультетінің ІІ курс студенті Чжан Юй Сюань (ШҰАА, ҚХР) «Азаматтық танытқаны үшін» жеңімпаз дипломдарымен марапатталды.

Сайысқа қатысушылар тарих факультетінің І курс студенті Джумағалиева Нұрияға дайындық кезеңінде көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіреді.