Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Дала, сенің ұлыңмын» атты жыр кеші

«Дала, сенің ұлыңмын» атты жыр кеші

Жұбанов университетінің филология факультетінде белгілі ақын  Жарасқан Әбдірешовтың 70 жылдығына орай  «Дала, сенің ұлыңмын» атты еске алу кеші өтті.

Кешке ақын Бауыржан Құрманқұлов, университетіміздің ұстаздары ф.ғ.д., профессор Мұсаев А.М., п.ғ.к., профессор Тасимова А.А, факультет басшылығы, профессор-оқытушылық құрамы, студенттер қатысты.

Кеш барысында ақынның көз көрген замандастары  кезекпен сөз алып, ыстық естеліктерімен бөлісіп, оның шығармашылығының ерекше қырларына тоқталды. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, театрландырылған көріністер қойылып, жиналған қауым назарына ақын өмірінің жарқын беттері  туралы слайд көрсетілді.