Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер діни экстремизм мен терроризмге қарсы

Студенттер діни экстремизм мен терроризмге қарсы

Жақында Жұбанов университетінің № 1 жатақханасының 47 тұрғындары арасында «Дін — білімнің рухани негізі» тақырыбнда түсіндірме ағартушылық әңгіме жүргізілді. Шараны «Құқықтану» кафедрасының доценттері Татьяна Алимпиева және Елизавета Исибаева ұйымдастырды. Сонымен қатар бұл кездесуге арнайы «Аңсар» ақапараттық сараптамалық орталығының бас маманы Мейрамбек Жұмабаев, «Нұр ғасыр» мешітінің имамы Нұрбол Наиб шақырылды. Олар діни фанатизм мен экстермизм және олардың қазақстандық сунниттердің ханафиттік мазхабынан (Құран кітабының түсіндіру мектептері) айырмашылығы төңірегінде сөз қозғады. Жұбанов университетінің доценті Балжан Давлетьярова және Ақтөбе қаласының әкімшілігіне қарасты ішкі саясат бөлімінің маманы Зарина Бисембаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және оның мағынасы жөнінде түсініктеме берді.

Шараны ұйымдастырушылар арнайы «Мұсылмандық құқық» пәнін оқитын «Құқықтану» мамандығының 2-курс студенттерімен бірге қазіргі мұсылмандық конституциялық, отбасылық, қылмыстық және халықаралық құқық ережеліріне тоқталды. Студенттер тарапынан сұрақтардың басым бөлігі «Нұр ғасыр» мешітінің имамы Нұрбол Наиб мырзаға қойылды. Имам ораза қарсаңында студенттерге «джихад» діни экстремизге қарағанда суннит – ханафитте өз бойыңдағы теріс қылықтармен, жаман әдеттермен, әсіресе ең ауыр әдет екіжүзділікпен күрес екенін атап өтті.