Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дөңгелек үстелде жаңартылған білім бағдарламасы талқыланды

Дөңгелек үстелде жаңартылған білім бағдарламасы талқыланды

Бүгін информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен педагогикалық ұйым басшылары мен мұғалімдері және кафедра оқытушылары мен педагогикалық информатика мамандығы 3, 4 курс студенттерімен біріге отырып жаңартылған білім мазмұнының идеясын насихаттау, жаңа білім моделі негізінде информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін дамытуға қолдау көрсету мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

«Жаңартылған білім  бағдарламасы негізінде  информатиканы оқыту» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге Ақтөбе политехникалық колледжінен арнайы пән  оқытушылары Ержан Домақов, Нұрсұлу Сакибаева, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатынан бейіндік пән бойынша директордың  орынбасары, информатика пән мұғалімі Нургул Бейсова, №40 орта мектептен информатика пән мұғалімі  Нүргүл Жаманова, Назарбаев Зияткерлік мектебінен  информатика пәнінің мұғалімі  Бакыт  Гайсагалеева және үш тілде  оқытатын №21 мектеп-гимназиядан информатика пәнінің мұғалімі  Али Гулжанат қатысты.

Қатысушылар баяндамасында жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері, мұғалімдердің кәсіби дайындығы, оқытудың заманауи технологиялары, мектептің материалдық-техникалық базасын дайындау туралы ақпараттар берілді. Шараның тәжірибелік бөлімінде тренинг, шеберлік сабақтарынан фрагменттер көрсетіліп, тәжірибе алмасты.

Шара соңында қатысқан информатика пән мұғалімдеріне сертификат тапсырылды.