Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Профессор Алексей Тяпухин менеджменттің замануи әдістеріне үйретті

Профессор Алексей Тяпухин менеджменттің замануи әдістеріне үйретті

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында экономика және құқық факультетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасына Самара университетінің ( РФ)  кафедра меңгерушісі экономика ғылымдарының докторы, профессор Алексей Тяпухин шақырылды.

Профессор Тяпухин сәуір айының 16-28 жұлдызы аралығында  екі апта бойына «Менеджмент» және «Экономика» мамандығының студенттері үшін «Инвестициялық менеджмент», «Инновациялық менеджмент» пәндері бойынша сабақ жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша магистранттарға кеңес берді.

Сапар барысында ресейлік ғалым Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы өңір өнеркәсібі  дамуының негізгі бағыттары және дағдарысқа қарсы басқару» тақырыбындағы өңірлік ғылыми семинарға қатысты. Сондай-ақ  профессормен қос дипломды білім беруді ұйымдастыру, академиялық ұтқырлық бағдарламасы мен  бірлескен ғылыми жобалар ынтымақтастығын әрі қарай дамыту  жөніндегі  жоспарлар талқыланды.