Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > «Серпін» жобасы бойынша түлектер түгел жұмыс орындарына тіркелді

«Серпін» жобасы бойынша түлектер түгел жұмыс орындарына тіркелді

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков         «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша бітіруші-түлектермен кездесті. Қазіргі таңда университетте Казақстанның бес облысынан 625 студент «Серпін» бағдарламасымен оқып жүр. Олардың ішінде 134 студент білім бағыты бойынша оқуын бітірмек.

Б.Ердембековтің айтуынша, қала, аудан әкімшіліктерімен, білім бөлімдерімен біргелікте жасаған жұмыс нәтижесінде университетінің «Серпін» жобасы бойынша 134 түлегі болашақ қызмет орындарына бекітілді. Бұл олардың 100% жұмыспен қамтамасыз етулуінің кепілі.

«Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Жобаның негізгі мақсаты-жастардың жұмыспен қамтамасыз ету, сонымен қатар республикада білім беру және еңбек ресурстарын тең бөлу туралы Бауыржан Аманкелдіұлы бітіруші студенттерге түсіндірді.

«Серпіндіктердің басты мақсаты-қай жерде оқуға бардыңыз, сол жермен байланасып, жұмыс атқаруыңыз қажет. Бүгінгі күнде көптеген адамдар өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ал, сіздерде керемет мүмкіндік бар, өз мамандықтарыңыз бойынша жұмыс дайын тұр. Осы мүмкіндікпен пайдаланып, жақсы маман екендіктеріңізді дәлелдеңіздер»,-деп ректор «Серпін» бағдарламасының бітіруші түлектердің ертеңгі қызметтеріне табыстар тіледі.