Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бауыржан Ердембеков робототехника саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды

Бауыржан Ердембеков робототехника саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды

Бүгін Жұбанов университетінің спорт кешенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында республикалық робототехника бойынша ғылыми-техникалық жобалар байқауының іріктеу турнирі өтті. Турнирге облыс көлемінен «KazRoboSport» және «KazRoboProject» бағыттарынан барлығы 9-21 жас аралығында 100-ге жуық адам қатысты.

Аталмыш турнирдің ұйымдастырушысы – «Жас Отан» жастар қанаты және «Қазақстан Федерациясының білім беретін және спорттық робототехникасы «КазРоботикс».

Шараның ашылу салтанатына университет ректоры Бауыржан Ердембеков қатысты. Өз кезегінде ол робототехника саласы бойынша өткізіліп отырған турнирдің маңыздылығына тоқталып, турнирге қатысып отырған жастарды Жұбанов университетінің студенттері қатарынан көргісі келетінін айтты.

Іріктеу турнирінің ашылуымен қатысушыларды «КазРоботикс» Федерациясының вице-президенті Александр Гончаров та құттықтады. Шара барысында ол университет ректоры Бауыржан Ердембековке салтанатты түрде «КазРоботикс» Федерациясы атынан робототехника саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табыстады.

Айта кету керек, Жұбанов университеті «Қазақстан Федерациясының білім беретін және спорттық робототехникасы «КазРоботикспен» ынтымақтастық қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойған алғашқы оқу орындарының бірі болатын.

Республикалық байқаудың іріктеу кезеңі (біріншісі 9-15 жас арасы, екіншісі 16-21 жас аралығында) жас ерекшелігіне байланысты екі категория бойынша өткізіледі. Республикалық кезеңге бірінші орын алған жеңімпаздар өтеді.

Республикалық турнир үстіміздегі жылдың күзінде Петропавл қаласында өтеді.