Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мерекелік салтанатты кеш өтті

Мерекелік салтанатты кеш өтті

Бүгін Жұбанов университетінің Студенттер сарайында 7 мамыр – Отан қорғаушылар және  9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Өткенге тағзым! Отан тағдыры сенімді қолда!» атты мерекелік кеш өтті. Бұл мерекелер әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшем ретінде қабылданады.

Мерекелік кеште сөз сөйлеген университет ректоры Бауыржан Ердембеков атаулы күндердің маңызының жоғарылығын атап өтті. «Жастардың болашағы, бақыты үшін жанын берген, қан төккен соғыс ардегерлерінің даңқы еш уақытта өшпейді! Ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі жастарға мәңгі үлгі»,- деді ректор.

Осы маңызды мерекелер аясында Б.Ердембеков «Іргелі және қолданбалы математика» кафедрасының профессоры Отарбай Баймағамбетовты, «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры, Жанжігіт Орамахты; «Тарих және тарихи пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ұзақбай Исмагуловты; «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының профессоры Халел Кусаиновті; сырттай оқыту факультетінің деканы Абат Пангереевті; «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, Шоқан Қалиді; «дене шыңықтыру» кафедрасының аға оқутышысы Әбілғазиз Кульмагамбетовты; «Теориялық және қолданбалы тілтану» кафедрасының доценті Нұрбол Сәдуақасты білім беру саласында қол жеткізген еселі еңбектері үшін «Жұбанов университетіні» медалімен  мараппатады.

Салтанатты кеште университеттің өнерлі жастардың рындауында соғыс  жылдарындағы белгілі әндер: «Священная война», «Катюша», «Смуглянка», «Ана туралы баллада» орындалды. Сондай-ақ, сұрапыл соғыс бейнесінен көріністер көрсетілді. Кеш қоңағы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші Света Айтбаева «Огонек» әнің шырқады.

Ал көзге жас үйретін «День Победы», «Сарбаздар», «Әлия» әнідерін қол соғып, бірге айтты.