Суббота, Август 18, 2018
Басты > Жаңалықтар > Қазақ халқының мәдени таптауырындары бейнеконференция қатысушылары арасында ерекше қызығушылық тудырды

Қазақ халқының мәдени таптауырындары бейнеконференция қатысушылары арасында ерекше қызығушылық тудырды

Бүгін Жұбанов университетінің орыс филологиясы және мәдениаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары мен магистранттары Қазақстан атынан жыл сайын өткізілетін бейнеконференцияға қатысты. Аталмыш шара ТМД елдерінің арасындағы ортақ «Өзара түсіністік мәдениеті» жобасы аясында өткізілген болатын. Қатысушы тараптар «Туған өлке жайындағы таптауырындар және туған өлкедегі таптауырындар» тақырыбында сұрақтар төңірегінде ой қозғады.

Жоба М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бастамасымен 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді. Қазіргі таңда жобаға ТМД-ның 5 елінен 5 университет қатысып отыр. Олар: Армения, Белоруссия, Казақстан, Тәжікстан және Ресей. Жобаның негізгі идеясы болып ТМД елдерімен барлық конструктивті байланыстарды қалпына келтіруге назар аудару және посткеңестік кеңістіктегі жалпы білім беру және гуманитарлық кеңістікті сақтау табылады. Жобаның қызметтік тілі п.ғ.к В.А.Фадееваның басшылығмен М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің студенттері мен магистранттары, п.ғ.д.,профессор Б.Ж. Құрманованың және ф.ғ.к.,доцент Г.И.Оңғарбаеваның басшылығымен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің студенттері мен магистранттары және к.п.н. Е.А.Малашенконың басшылығымен Белорусь экономика университетінің студенттері мен магистранттары қатысты. Серіктестер берілген тақырып бойынша таныстырылымдар жасап фильмдер көрсетті. Біздің университетіміздің оқытушылары мен магистранттарының қазақ халқыныңмәдениет таптаулары жайлы жұмыстары қатысушылардың ерекше қызығушылығына ие болды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *