Пятница, Август 17, 2018
Басты > Жаңалықтар > ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан жүргізілген 2017 жылғы Қазақстан Республикасы ЖОО білім бағдарламаларының ұлттық ранжирлеуіне қатысты.

Агенттік маман даярлау бағыты мен деңгейі бойынша ҚР 59 жоғары оқу орындары арасында тәуелсіз рейтинг өткізді.

Аталған рейтингтің әдіснамалық негізіне ҚР Білім және ғылым министрлігі мен халықаралық электрондық ресурстардың жалпыға қолжетімді көрсеткіштері алынды. Атап айтқанда, ЖОО-ның институционалды және мамандандырылған аккредителуі, білім беру гранттарының, «Алтын белгі», «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлерінің саны, ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін берілген мемлекеттік, атаулы сыйлықтар мен стипендиялар, ғылыми гранттар, патенттер мен өнертабыстар, сондай-ақ Хирша (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters и Scopus) индексі бойынша өлшенетін жарияланымдар.

Рейтинг әрбіреуінің меншікті салмағы 25% болатын төмендегі 4 индикатор бойынша жүргізілді: «Дарынды студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің көп шоғырлануы», «Академиялық ұтқырлық», «Бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігі» және «Мамандық оқытушыларының, магистранттар мен докторанттарының ғылыми жарияланымдарының бәсекеге қабілеттілігі».

Рейтингтік зерттеулер аясында төмендегілер анықталды:

  • ЖОО мамандықтарының рейтингісі;
  • маман даярлау бағыттары бойынша ЖОО бас рейтингісі;

ҚР үздік-20 ЖОО бас рейтингісінің қорытындысы бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік педагогикалық университеті 7 орын алды.

Жүргізілген рейтинг нәтижесінде университетіміздің 19 білім бағдарламасы келесі жетекші орындарға ие болды:

Бакалавриат:

1-орын:

5В011000-Физика

5В010700-Бейнелеу өнері және сызу

5В012200-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

5В011300-Биология

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

2-орын:

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5В070800-Мұнай-газ ісі

5В011400 — Тарих

5В011600-География

3-орын:

5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

5В070700-Таукен ісі

5В070900-Металлургия

Магистратура:

2-орын

6М011400-Тарих

3-место

6М060400-Физика

6М051100-Маркетинг

6М060100-Математика

6М060700-Биология

6М060800-Экология

Докторантура:

3-орын:

6D060100-Математика

Маман даярлау бағыттары бойынша ЖОО Бас рейтингісінде университет маман даярлау бағыттары бойынша келесі орындарды иеленді:

«Білім беру» – 3-орын;

«Жаратылыстану ғылымдары» – 6-орын.

Жетекші орын иеленген мамандықтардың ұжымдарын үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

Ақпарат көздері: «Казахстанская правда» газеті. №88(28717), 2018 жылдың 15 мамыры

Аккредиттеу және рейтинг бөлімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *