Четверг, Октябрь 18, 2018
Басты > Жаңалықтар > Қытай саяхатшылары Жұбанов университетінде аялдады

Қытай саяхатшылары Жұбанов университетінде аялдады

Қытайдың 25 млн. халық тұратын ең ірі қаласының бірі – Шанхайдан шыққан Халықаралық Ұлы Жібек Жолы ұйымы мүшелерінен құралған саяхатшылар тобы Ақтөбеге жетті. Дүниежүзін аралауға бет алған саяхатшылар Қазақстанның Алматы, Астана, Қостанай, Қызылорда  қалаларын аралаған.

Саяхатшылар тобын Шанхай Шығыс педагогикалық университетінің профессоры Лю Тонгян ханым бастап келеді. Ұзақ сапар мақсатын ол: «Ұлы Жібек жолы бүкіл әлемге танымал жол. Батыс пен Шығысты, бітімгерлік пен ынтымақтастыққа ұмтылған халықтарды өзара байланыстырған бұл жол мәдени  — экономикалық көпір. Біздің Қазақстанға сапарымыздың мақсаты — Қазақстанның Жібек жолымен байланысты тарихы және мәдени ескерткіштерімен жақын танысу. Көрікті әрі туристік аймақтарынан әсер алу. Қазіргі уақытта осы көне керуен жолын жаңғыртудың, халықаралық  мәдени — экономикалық байланыстағы рөлінің маңызы аса зор. Біз екі елдің достық қарым-қатынасын нығайтумен қатар, қос елдің туризм саласын дамытуға үлес қосқымыз келеді»,-деп түсіндірді.

Ақтөбе қаласында саяхатшылар тобы Жұбанов университетіне арнайы соғып, оқу орнындағы Конфуций институты жұмысымен және университет мұражайымен танысты.

Қытайлық экспедиция Қазақстан, әрі қарай Ресей мемлекеті, Еуропа елдерін аралауды жоспарлаған. Ұзақ қашықты қамтитын бұл саяхат  2,5 айдың ішінде аяқталмақ. Саяхат қорытындысы ретінде деректі фильм жасалатын болады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.