Четверг, Октябрь 18, 2018
Басты > Жаңалықтар > «Жас педагог мектебі» тәлімгерлері шеберлік кластарын өткізді

«Жас педагог мектебі» тәлімгерлері шеберлік кластарын өткізді

Жаратылыстану факультетінің «Жас педагог мектебінің жетекшісі Р.Н.Бисалиеваның ұйымдастыруымен «Мұғалім шеберлігі-ізденіс нәтижесі» тақырыбындағы әдістемелік семинар өтті.

Әдістемелік семинарға Үздіксіз білім беру институтының директоры Г.А.Такишева, «Қосымша білім беру» орталығының жетекшісі А.К.Кенжеғұлова, Біліктілікті арттыру орталығының жетекшісі З.У.Имжарова, «Оқу-әдістемелік бөлім» бастығы А.Н.Кадиркулова, «Оқу-әдістемелік бөлім» әдіскері Қ.О.Сүлейменова және жаратылыстану факультетінің оқытушылары, «Жас педагог мектебі» тәлімгерлері, студенттер қатысты. Әдістемелік семинарды Жаратылыстану факультетінің деканы М.Ж.Махамбетов ашты.

Семинарда «Биология» кафедрасының оқытушысы Р.Н.Бисалыеваның жетекшілігімен  «Биология» мамандығының 4 курс  студенттері Ж.Нұралы «Кейс-стади»  технологиясын, А.Отарова «Компьютерлік оқыту технологиясы-KAHOOT»-ты биология сабағында қолдану әдістемелері тақырыбында  шеберлік кластарын көрсетті.

Балзат Саримбаеваның жетекшілігімен 3-курс студенттері П.Жәли, «Триз» — технологиясы элементтерін зоология сабағында пайдалану әдістемесі» тақырыбында шеберлік класын өткізу туралы ойларымен бөлісті.  Биология кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к., А.К.Калиеваның жетекшілігімен Ж.Темірқызы «Биология сабақтарында тест құрастыру әдістемесі» түрлерін көрсету барысында өз  тәжірибесімен бөлісті. Г.О.Кеубасованың жетекшілігімен Д.Абдрашова «CLIL» — әдісін ағылшын тілді емес сыныптарда қолдану әдістемесін назарға ұсынды.

«Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Б.С.Иманғалиеваның жетекшілігімен «Химия» мамандығының 3-курс студенті Л.Даулетова «PBL» — технологиясын химия сабақтарында қолдану» әдістемесін көрсетті.

Семинардың соңында жаратылыстану факультеті әдістемелік кеңес төрайымы, м.ғ.к., доцент Р.Изимова үздік шеберлік класс жүргізген студенттерді марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.