Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Орынбор облысының күндері Жұбанов университетінде жалғасты

Орынбор облысының күндері Жұбанов университетінде жалғасты

Бүгін Жұбанов университетінде «Ақтөбедегі Орынбор облысының күндері» аясында бірқатар халықаралық дәрежедегі шаралар өтті. Университет базасында Орынбор және Ақтөбе облыстары арнайы оқу орындарының студенттері арасында «IT-баттл» ұйымдастырылды, ал Жұбанов конференц – залында «Ақтөбе және Орынбор облыстарының университеттері: шекаралас ынтымақтастықтың бағыттары мен перспективалары» тақырыбындағы ректорлардың халықаралық форумы өтті.

Ақтөбе және Орынбор облыстарының жоғары оқу орындарының ректорлары жиналған халықаралық форумға Орынбор облысының губернаторы Ю.А.Берг, Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі И.С.Испанов, Ақтөбе әкімдігінің және Орынбор облысының үкіметінің өкілдері қатысты. Орынборлық және Ақтөбелік студенттердің IT-баттл шарасында әзірлеген бизнес жоспарлары өңір басшыларының үлкен қызығушылығын тудырды.

Ректорлар форумында білім саласының ортақ мәселелері талқыланып, пікір алмасты, нәтижесінде білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Шарада төмендегі жоғары оқу орындарының ректорлары  баяндамалар жасады: Орынбор мемлекеттік университетінің ректоры Ж.А.Ермакова, Орынбор мемлекеттік медицина университетінің ректоры И.В.Мирошниченко, Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің ректоры Г. В.Петрова, Ағайынды Ростоповичтер атындағы Орынбор мемлекеттік өнер институтының ректоры Б. П.Хавторин,  Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры С.А.Алешина, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Б.А.Ердембеков, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің ректоры Е.Ж.Бекмухамбетов, ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының бастығы  С. И.Каракушев, Т.Я.Бегелдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштері Әскери Институтының бастығы А. А. Ибраев.