Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кәсіби бағдар беру тобы «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында жұмысын бастады

Кәсіби бағдар беру тобы «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында жұмысын бастады

«Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында Жұбанов университетінің кәсіби бағдар беру тобы 2018 жылдың 15-31 мамыр  аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл, Тараз, Алматы қалаларында талапкерлерді оқуға шақыруда белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Университетімізге қызығушылық танытатын оқушылармен жұмыс жасау мақсатында, Білім жəне ғылым министрлігінің хатына сəйкес жұмыс тобы жасақталып, әр өңірлерге іссапарлар жоспарланған болатын.

Іссапар мақсаты — «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша арнайы гранттарын тағайындау жөніндегі конкурста енгізілген өзгерістер, биылғы педагогикалық мамандықтарға арнайы емтихан тапсыру қажеттігі туралы талапкерлерге насихаттау, Жұбанов университетіне  2018 жылғы талапкерлерді оқуға шақыру, университеттегі мамандықтар бойынша толық ақпарат беру.