Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әдіскерлер мен студенттерге сертификаттар тапсырылды

Әдіскерлер мен студенттерге сертификаттар тапсырылды

Жұбанов университеті мен физика-математика бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы меморандум бойынша Үздіксіз білім беру институтының Қосымша білім беру орталығының  ұйымдастыруымен  үстіміздегі оқу жылы бойы  атқарылған жұмыс нәтижесіне арналған қорытынды  жиын  болып, университенттің «Информатика», «Шетел тілі», «Биология», «Химия»,  «Математика», «Физика» мамандықтарының 3-курс  студенттері мен әдіскерлеріне  сертификаттар тапсырылды.

Жиында  Қосымша білім беру орталығының жетекшісі  Айболған Кенжеғұлова сөз сөйлеп, «Үйрен-бөліс» жобасы  бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінен 38 студенттің  жаңартылған бағдарлама бойынша  қазан айынан бастап  тағылымдамадан, оның  31-і   педагогикалық  практикадан өткендігіне және факультеттерде  «Кәсіби шеберлікке үйренеміз!» тақырыбындағы байқаудың  ұйымдастырылғанына  тоқталды. Байқау мақсаты  — болашақ педагогтардың Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі тәлімгерлік арқылы жаңартылған бағдарлама бойынша  жұмысқа бағдарлану дәрежесін байқау және әр кафедраларда  өз студенттері мен әдіскерлерінің үйренген кәсіби біліктіліктері тобындағы басқа студенттермен бөлісуге жағдай жасау болғандығын  атап өтті.

Жиында Білім беру процесі ұйымдастыру департаментінің директоры             Сабырғали Бишекен  алдағы жылда студенттердің тағылымдамадан өтетін апта сайынғы кестесіне қатысты ұсыныстарын ескеретіндігін айта келе, алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к, доцент Сания Сарсимбаева да жақын арада  болған аккредитация комиссиясының  Назарбаев Зияткерлік мектебінде болып, жоғары баға бергендігіне тоқтала келіп, «Үйрен-бөліс» жобасының жетекшілері Бибігүл Абеноваға, Айболған Кенжеғұловаға, әдіскерлер мен студенттерге  ризашылығын білдірді.

Жиын соңында әдіскер, х.ғ.к. Базархан Иманғалиева және бір топ студенттер аталмыш  жоба  студентке тәжірибе жинақтап, жаңартылған бағдарлама бойынша педагог қызметі қандай болу керектігін үйреткен пайдалы жоба болғандығын, алдағы уақытта жалғатынына сенім білдірді.