Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Белгілі әдебиеттанушы ғалым Баян Бораш 80 жаста

Белгілі әдебиеттанушы ғалым Баян Бораш 80 жаста

Бүгін Жұбанов университетінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Бораш Баян Тәліпұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Рухани жаңғыру: әдеби мұра және ұлттық құндылықтар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталмыш конференцияға республика, облысқа танымал филолог-ғалымдар, облыстық әкімшілік өкілдері мен зиялы қауым өкілдері,  Баян Тәліпұлының шәкірттері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттер қатысты.

Конференция барысында Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан  Ердембеков мерейтой иесін құттықтап, университет атынан Баян Тәліпұлын «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен  марапаттады.

Жиынға қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айбек Купенов ғалымның отандық филология ғылымындағы  рөлін атап өтсе, профессорлар Алтай Тайжанов пен  Әдебиет Молдаханов Баян Тәліпұлының ғылымдағы ғана емес, білім беру саласындағы ерен еңбегіне тоқталды. Сондай-ақ университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы да өз құттықтауларын жеткізді. Ұлағатты ұстаздан тəлім алған Баян Тәліпұлының шəкірттері де өз кезегінде тілектерін арнады.

Сонымен қатар пленарлық мәжілісте республикаға танымал филолог-ғалымдардың  баяндамалары тыңдалды.

Конференция жұмысы 3 бағыт бойынша секциялармен жалғасты.