Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбанов университеті чемпионын ұлықтады

Жұбанов университеті чемпионын ұлықтады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті бүгін чемпионын қарсы алды. Финляндияның Вантаа қаласында 14-19 мамыр аралығында пауэрлифтенгтен әлем чемпионаты өткен болатын. Жерлесіміз 18 жастағы Таисия Дьяченко бұл додадан олжалы оралды. Таисия Дьяченко 105 келі зілтемірді шалқалай жатып көтеруден бірінші орын алып, әлемдік рекордты жаңартты. Таисия Дьяченко Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенті. Паурэрлифтингпен 13 жасынан бастап кәсіби түрде шұғылданып жүр. Қысқы Универсиада-2017 жарысының жеңімпазы. Өз болашағын спортсыз елестете алмайтын бойжеткеннің арманы -туған қаласы Ақтөбеде спорттың олимпиадалық түрлеріне арналған спорт мектебін ашу. Балаларды тәрбиелеу. Қазір Таисия Дьяченко 1-курс студенті. Енді ол 2-курста тегін білім алу мүмкіндігіне ие. Бүгін Таисияға өзі білім алып жатқан оқу орнының ректоры грантқа сертификат табыстады.

http://www.rikatv.kz/kz/news/zh-banov-universitet-chempionyn-ly-tady.html