Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Филология факультетінде ашық есік күні өтті

Филология факультетінде ашық есік күні өтті

Бұл шара мектеп бітіруші түлектер үшін ұйымдастырылып, оған Ақтөбе гуманитарлық колледжінің, Ақтөбе «Тарлан» колледжінің және № 11 орта мектебінің  бітірушілері қатысты.

Шарада филология факультетінің деканы Күлзат Садирова факультет мамандықтарының ерекшеліктерімен таныстырды.

Содан соң қабылдау  комиссиясының жауапты хатшысы  Нұржан Бердыбаев сөз алып, ол мектеп бітірушілерді  оқуға  қабылдау шарттарымен таныстырды. Кездесу барысында Нұржан Махсатбайұлы университеттің материалдық-техникалық базасы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, арнайы гранттар, студенттерге берілетін жеңілдіктер, студенттік өмір жайында да ақпараттар берді.

Сондай-ақ, кездесу барысында қазақ және орыс тілінде «Тиімді эссе жазу» тренингі өткізілді.

Осыдан кейін түлектерге оқу ғимаратының ішінен экскурсия өткізіліп, жаңа оқу кабинеттері мен дәрісханаларды таныстырылды.