Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > 158 студент облыс әкімі стипендиясын алды

158 студент облыс әкімі стипендиясын алды

Өңірдің үздік студенттері Бердібек Сапарбаевтың атынан берілген стипендия иегері атанды. Облыс әкімінің қолынан сертификат алған жастар бұл үлкен жауапкершілік десті. Өздеріне зор үміт артылғанын сезінді. Салтанатты шара «Green Land» демалыс базасының аумағында ұйымдастырылды.

Облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы бүгін ерекше форматта өтті. Қала сыртындағы демалыс аймағында ұйымдастырылды. Білім саласының ардагерлері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары мен жастар ұйымдарының белсенділері де осы жерде табылды. Кездесу барысында аймақ басшысы жастарға жасалған қолдау мен мемлекеттік бағдарламарға тоқталды.

Еркін форматта өткен кездесуде сұрағы мен тілегі бар жастарға да сөз берілді. Әлбетте ұсыныс-тілектері сан қилы. Бірі «Жастар үйін» салып беруді сұраса, енді бірін облыс әкімінің әлеуметтік желідегі шағымдарды қаншалықты бақылайтыны қызықтырды. Деседе басым көпшілігі жастарға жасалатын қолдаулар туралы сұралды.

Облыс әкіміне сұрақ қоюшылар қатары көп болды. Мәселен, болашақ эколог мамандарды қаладағы жағымсыз иіс алаңдатса, физика факультетінің студенттері смарт сити жобасын жандандыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сұрақ жауаптан соң, белсенді жастар облыс әкімінің  марапатын алды. Меруерт Медетбаева Қ.Жұбанов университетінің биыл үздік студенті атанды. Алғыр жас оқудағы жетістіктері үшін бүгінгі кездесуде облыс әкімі стипендиясына ие болды.

Кездесуде облыс әкімі атынан тағайындалған шәкіртақыны барлығы 158 жас алды. Оның ішінде  жоғары оқу орнының 122 студенті 160 мың теңгеден, колледждерің 36 оқушысы 80 мың теңгеден сыйақыға ие болды.

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/158-student-oblys-ekiminin-stipendiyasyn-aldy