Пятница, Август 17, 2018
Басты > БАҚ біз туралы > Әкім жастармен диалог орнатты

Әкім жастармен диалог орнатты

 

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев президент Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі тұтады. Бұл туралы аймақ басшысы бүгін жастармен кездесуі кезінде айтты. «Гринлэнд» демалыс орталығының шатырлы залына кілең жастар жиналды. Мұнда жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Ерекшелігі — бұрынғыдай құлаш-құлаш баяндама оқылған жоқ. Ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері облыс әкіміне сұрақ қойды. Бәйішев университетінің студенті Аягүл Жанқожа аймақ басшысынан бала арманын сұрады. Жұбанов университетінің студенті Нұрлан қалада жастар үйін салып беруді өтінді. Ал, Әсем Санбаеваны әкімнің өмірдегі ұстанымы қызықтырды. Құрылыс және бизнес колледжінің студенті Данияр Ғиззатов әкімнен әлеуметтік желілерге көзқарасын сұрады. Бұдан соң, аймақ басшысы оқу үлгерімі жақсы, қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласатын студенттерге атаулы стипендиялар таратты. Университеттерде оқитын 122 студентке 160 мың теңгеден, колледждерде білім алатын 36 қыз-жігітке 80 мың теңгеден шәкіртақы берілді. Диана Көмек — Жұбанов университетінің үшінші курсында оқиды. Экология факультетінің студенті жылына 343 мың теңге төлейді екен. Әкімнің стипендиясын оқу ақысын өтеуге жұмсамақ.

http://www.rikatv.kz/kz/news/k-m-zhastarmen-dialog-ornatty.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *