Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті EURAS одағына қабылданды

Жұбанов университеті EURAS одағына қабылданды

Жұбанов университеті Еуразиялық университеттер одағына мүше болып және мүшелік туралы сертификатқа ие болды. 

EURAS — Батыс және Орталық Еуропа, Балкан, Кавказ, Таяу Шығыс, сондай-ақ бүкіл Азияның 90-нан астам университеттерінің ынтымақтастығын құрайтын коммерциялық емес халықаралық қауымдастық, сонымен қатар Еуразия аймағындағы білім беру стандарттарын жаһандық насихаттау бойынша жұмыс жасайтын ұйым.

EURAS  Еуразия аймағында тең дәрежеде оқытылатын жоғары оқу орындары мен ұйымдар арқылы ынтымақтастықты айтарлықтай нығайтуға бағытталған.

Бұл ұйымға мүше болудың негізгі артықшылығы — Еуропа мен Азия университеттерімен ынтымақтастықты дамыту, ғылыми және бірлескен жобалардың серіктесі болу, студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуын өткізу, ғылыми конференцияларға, тақырыптық кездесулерге, семинарлар мен іс-шараларға қатысу. Еуразиялық университеттер одағы — Еуропа мен Азияның жетекші университеттерінен тағылымдамадан өтуге және қысқа мерзімді бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік береді.