Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгінгі конференция Сегізбай Қалыбекұлы бидің қызметіне арналды

Бүгінгі конференция Сегізбай Қалыбекұлы бидің қызметіне арналды

Бүгін Жұбанов университетінде  ҚР Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тархан Сегізбай Қалыбекұлы бидің өмір дерегі, қызметі, зерттелу мәселелеріне арналған ғылыми бас қосу өтті. Сегізбай би XVIII ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға, Қазақ-Ресей  қарым-қатынасына айтарлықтай ықпал еткен қайраткер.

Ғылыми бас қосудың мақсаты — жас ұрпаққа Сегізбай Қалыбекұлы бидің мұрасын насихаттау, жастардың бойына патриоттық тәрбие-тағылымын сіңіру, Отаншылдық қасиетті, елге, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, адамгершілік ізгілік пен зиялы қасиеттерге, туған халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

Конференцияның арнайы қонағы Атырау қаласынан келген т.ғ.д., профессор, Әбілсейіт Мұқтар болды. Сонымен қатар жиынға Сегізбай би ұрпақтары, зерттеуші ғалымдар, Ақтөбе облысының әкімдігінің өкілдері мен мәслихат депутаттары, жергілікті өңіртанушылар және зиялы қауым қатысты.

Кездесу басында ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров сөз сөйлеп, «Тархан Сегізбай Қалыбекұлы бидің бүгінгі тәуелсіз Қазақстан кезінде ізделуі, қызметі мен өміржолы зерттеліп, қалың қауымға ұсынылуының қажеттілігін»,- айтты.

Конференция барысында Сегізбай Қалыбекұлы бидің бұл кезеңге дейін ғылыми айналымға мүлде түспеген көптеген қайраткерлік дерегі, XVIII ғасырда басына киген қалпағы мен жәдігерліктері алғаш рет көпшілікке ұсынылды.

Конференция соңында қонақтар мен қатысушылар шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, Сегізбай бидің мұра зерттеулерін жалғастыруды ұсынды.