Четверг, Июнь 4, 2020
Басты > Жаңалықтар > «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақтөбе облысы бойынша бір жылдық жұмысы қорытыланды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақтөбе облысы бойынша бір жылдық жұмысы қорытыланды

Бүгін Ақтөбе облысының өңірлік  коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылуының бірінші жылдық қорытындысы және «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы таныстырылды.

Жобалық кеңсенің бас менеджері Нұрлыхан Хасенов  жоба аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, келесі жылға жоспарланған бірқатар ауқымды шараларды атап өтті.

Аталмыш жиында сөз сөйлеген «Рухани жаңғыру» кеңсесінің үйлестірушісі Дәулет Әбенов «Биылғы жылдан бастап осы «Рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген 6 негізгі бағыттың 4-еуі бойынша оқу жоспарларына эллективтік курстар енгізіліп жатыр» — деді.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын белсенді насихаттау мақсатында әлемнің 42 елінде 34 тілде жарияланған, жалпы таралымы 47 миллион дананы құрайтын философия, әлеуметтану, психология, экономика және басқа да пәндер бойынша әлемдік ойлардың алтын қорына енген, алғашқы 18 кітап жарық көрді.

Айта кететін жайт, Жұбанов университетінің жанынан ашлыған «Рухани жаңғыру» кеңсесі  Ақтөбе облысының ішкі саясат бөлімі және облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен тығыз байланыс жасауда. Аталған жоба аясында жарияланған 18 кітаптың 10-ы Жұбанов кітапханасы сериясымен басылып шықты. Алдағы уақытта жыл аяғына дейін олардың санын 100-ге жеткізу жоспарланып отыр.