Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Профессор Асқар Жұбанов филологтармен кездесті

Профессор Асқар Жұбанов филологтармен кездесті

Бүгін университеттің «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығында қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қ.Жұбановтың зерттеулеріне қазіргі тіл білімі тұрғысынан көзқарас» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараға белгілі профессор Асқар Жұбанов, Құдайберген Жұбановтың ұрпақтары, филология факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қуғын-сүргіннің қазақ халқының рухани дамуына тигізген салқыны, қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының қалдырған мұралары мен олардың маңызы, Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұраларының маңызы мен қазіргі тіл білімі тұрғысынан өзектілігі сынды мәселелер қозғалды.

Өз кезегінде Асқар Құдайбергенұлы әкесінің өмір жолына тоқталып, шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Шара соңында жиналған қауым белгілі ғалыммен естелік суретке түсті.