Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жазғы тілдік лагерге 50 студент жолдама алды

Жазғы тілдік лагерге 50 студент жолдама алды

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастырумен өткізілетін ІV Түркі әлемі университеттері жастарының жазғы тілдік лагерге  GPI көрсеткіші жоғары  Жұбанов университетінің 50 студенті қатысуға жолдама алды.

Аталмыш жазғы тілдік оқу курсы 2018 жылдың 18 маусымы мен 15 шілдесі аралығында Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан кампусында өткізіледі.  Оған  Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Республикасының  жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

Жазғы тілдік оқу курсына Түркия Республикасынан шақырылған профессор-оқытушылары өткізеді. Курста түркология, түрік тілі мен әдебиеті, тарихы, мәдениеті бойынша семинарлар, мәдени бағдарламалар қамтылған.

Жазғы тілдік оқу курсы бағдарламасына мәдени орындарға (Түркістан, Отырар, Арыстан баб, Сайрам) экскурсиялар да енгізілген. Дәрістер мен экскурсиялар, жатын орын, тәуліктік шығындар Түркия  тарапынан қамтамасыз етіледі.