Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті емхансының дәрігерлері менингокок инфекциясының алдын алу шаралары жөнінде ескертеді  

Жұбанов университеті емхансының дәрігерлері менингокок инфекциясының алдын алу шаралары жөнінде ескертеді  

 

Алматы облысында менингокок инфекциясының белең алуына байланысты дәрігерлер бас ауруы, тамақ-мұрынның кебуі, дене қызуының көтерілуі сияқты аурудың белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады. Жұбанов университеті емханасының меңгерушісі Жұмагүл Жұмағазинаның айтуынша: «Менингокок инфекциясы – бұл менингокок таяқшасы қоздыратын, ауа-тамшы жолымен (жөтелген, түшкірген, сөйлескен кезде) берілетін жұқпалы ауру. Аурудың жедел түрі өліммен аяқталады. Дегенмен, ауру әр адамда әр қалай дамиды. Алғашқы және негізі белгілері ол: бас ауруы, дене қызуының жоғарылығы, әлсіздік, құсу, кей жағдайларда естен тану. Бұл аурудың алдын алу үшін эпидемия кезінде адамдар көп шоғырланатын жерлерге баруға, жағажайлар мен қауыздарда суға түсуге болмайды, мұрынды, әсіресе жасөспірімдер мен сәбилердің мұрындарын, оксолин жақпа майымен залалсыздандыру, бетперде киіп жүру қажет. Сонымен қатар аурудың алдын алу үшін емханаларда ақылы түрде, арнайы вакцинациялар жүргізіледі. Менингококтік инфекцияға шалдыққан адаммен қарым-қатынасқа түскен жағдайда сау адам антибиотиктік ем – шаралар жасай бергені абзал.

Дереккөз http://24.kz/ru хабарлауынша: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі менингококтік инфекцияға байланысты жаппай карантин жариялауға ерте екенін алға тартып отыр. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  Орталық коммуникация қызметінің брифингінде айтып өтті. Минстр: «ауруға шалдыққандар санының төмендігінен менингитке байланысты жаппай карантин енгізудің қажеті жоқ. Мен өзім бұл дертке қарсы екпе алған жоқпын. Жаппай карантин бір аптаның ішінде ауруға шалдыққандардың саны  2000-ға жеткенде ғана енгізіледі», — деді. Сонымен қатар еліміздің бас дәрігерінің сөзіне сүйенсек қазіргі таңда менингококтік инфекцияға арнайыландырылған call-орталықтар жұмыс жасауда.

Айта кету керек Ақтөбе облысы бойынша аталмыш дертке шалдыққандар жөнінде әзірге еш мәлімет жоқ.