Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кәсіптік бағдарлау жұмыстары жалғасуда

Кәсіптік бағдарлау жұмыстары жалғасуда

Бүгін Жұбанов университетінің Экономика және құқық факультетінің доценті Татьяна Алимпиева және аға оқытушысы Еркебулан Молдабеков Ақтөбе кооперативтік колледжінде кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға колледждің күндізгі және сырттай бөлімдерінің «Құқықтану» және «Экономика» мамандықтарының 2-3 студенттері қатысты. Колледж студенттері университетке түсу шарттары, жатақханамен қамтамасыз ету және оқу ақысы туралы ақпараттар алды. Оларды Жұбанов университетіндегі жүзу бассейні, студенттік театр, спорт кешені бар екендігі туралы ақпараттар өте қызықтырды. Болашақ абитуриенттер көңілін университетте жасалған басқа да жағдайлар: студенттік емхана және ғылыми кітапхана да аударды.

Кездесу барысында колледждің күндізгі бөлімінің меңгерушісі Эльмира Баспанова өндірістік практиканы аяқтағаннан кейін колледж түлектерімен тағы бір қосымша кездесу өткізуді ұсынды.