Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің оқытушылары кәсіпкерлік білімді жетілдіретін тренингке қатысуда  

Жұбанов университетінің оқытушылары кәсіпкерлік білімді жетілдіретін тренингке қатысуда  

Бүгін Жұбанов университетінде ректор Бауыржан Ердембеков, бірінші проректор Қуанышбек Шүңкеевтің және факультет декандары мен профессор-оқытушыларының қатысуымен «Кәсіпкерлік білімнің экожүйесі» жобасының аясында кәсіпкерлік білім бойынша стратегиялық сессиясы өтіп жатыр.

Тренингті Almaty Management University-дің кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры Ксения Южанинова және бизнес-тренер, менеджмент пситхологиясы және ұйымдастырушылық тиімділігі саласының эксперті  Ерлан Мұстафин жүргізуде.

Кездесу барысында университет ректоры Бауыржан Ердембеков аталмыш тренинг кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарды шешудегі оқытушы мен студенттің арасында тиімді диалогтік алаң болуы тиіс екенін атап өтті.

 «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасымен тренингке қатысушыларды Ксения Южанинова таныстырды. Бұл жоба 2017 жылдың наурыз айында Евразиялық топтың бастамасымен іске қосылып, ERGкәсіпорындары бар аймақтардағы студенттердің кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған болатын. Бұл жылы жоба Қазақстанның 4 аймағын:  Ақтөбе, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарын қамтып, оған барлығы  8 жоғары оқу орындары қатысады.

─ Біз Ақтөбе облысының әлеуетін жоғары бағалаймыз, оның ішінде Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ. Осыған байланысты жобаның бір идеясы ретінде сіздің университетіңіздің базасында Ақтөбедегі кәсіпкерлік кластерін қалыптастыруды қарастырып отырмыз – деді,  Ксения Южанинова.

Содан соң стратегиялық сессияны Ерлан Мұстафин жалғастырды. Сессия фасилитация әдісімен өтті. Фасилитация – бұл кез-келген субъект өз бойында тек басшының қасиетін ғана емес, сонымен қатар топтық динамиканың қатысушысының қасиеттерін да қалыптастыратын басқару стилі. Осылайша қатысушылар үш топқа бөлініп, алдағы үш жылда университеттің кәсіпкерлік білімінің қандай болатынын бірлесіп ойластырды.  Сонымен қатар олар университет қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін, оларды қалай шешеді және берілген уақыт өткен соң ЖОО қандай нәтижеге қол жеткізеді деген сұрақтарды да қарастырды.

Тренинг бүгін кешке дейін жалғасады.