Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Каратэ спорт түрінен ашық чемпионаты Жұбанов университетінде өткізілді

Каратэ спорт түрінен ашық чемпионаты Жұбанов университетінде өткізілді

Жасөспірім балалар мен қыздар арасында киокушинкай-кан каратэ спорт түрінен Ақтөбе облысының ашық чемпионаты Жұбанов университетінің спорт кешенінде өтті. Чемпионаттың ашылу рәсімінде университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік пен әділ төрешілік тіледі.

Чемпионатқа Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан 200-ден астам қатысушылар жиналды. Спорттық шара техникалық шайқастар мен нокауттармен есте қалды.

Шараны киокушинкай-кан каратэ Республикалық ұлттық федерацияның Ақтөбе филиалы ұйымдастырды.