Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Білім > Ғылым, білім, өндіріс саласындағы жаңа меморандумға қол қойылды

Ғылым, білім, өндіріс саласындағы жаңа меморандумға қол қойылды

Бүгін Жұбанов университеті мен «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» аймақтық компаниясымен ғылым, білім, өндіріс саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қойылды.

Шараға «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» компаниясының аймақтық директорының орынбасары Абат Жекеев, компанияның еңбек ресурстары бөлімінің бастығы Жұлдыз Рахметова, Жұбанов университетінің бірінші проректоры Қуанышбек Шүнкеев, оқу ісі жөніндегі проректор Бибігүл Әбенова, университет ректорының кеңесшісі Константин Цхай, халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Гүлжан Шоқым және факультет декандары қатысты.

«Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» компаниясының негізгі қатысушысы және инвесторы болып «Korea Nayional Oil Corporation» корпорациясы табылады. Корей ұлттық мұнай корпорациясының негізі 1979 қаланып, қазіргі таңда әлемнің 17 елінде 48 жобаны іске асыруда.