Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттерге Кореяның Тоңмён университетінде білімдерін жалғастыруға мүмкіншілік туды

Студенттерге Кореяның Тоңмён университетінде білімдерін жалғастыруға мүмкіншілік туды

Бұл жөнінде бүгін Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков пен Пуссан қаласындағы Тоңмён университетінің ректоры Жанг Хонг Саб мырза арасында өткен кездесуде мәлім болды.

Кездесу барысында екі ректор машина жасау мамандарын дайындау, техникалық мамандықтар, ақпараттық жүйелер саласы мамандықтары бойынша қосдипломды білім төңірегінде сөз қозғады.

Тонмен университетінің ректоры Жанг Хонг Саб мырза «Кеңес үкіметі кезінде көптеген кедергілер орын алды. Сондықтан Қазақстанмен білім беру жүйесі бойынша тығыз қатынас жасау мүмкіндігі болмады. Ендігі жерде сіздермен үнемі қатынаста болып, әлемдегі ең мықты білім аумағын құрамыз деп сенемін. Кешеден бері сіздермен, сіздердің өлкелеріңізбен ұлттық салт-дәстүрлеріңізбен жақын танысып жатырмыз. Сіздерге көп рахмет», ̶ деп Бауыржан Аманкелдіұлына шексіз алғысын жеткізді. Сонымен қатар корейлік оқу орнының ректоры Қазақстандағы корейлердің тұрмыс-тіршілігін теледидардан үнемі қарап, хабардар болып отыратынын да жеткізді.

Бауыржан Ердембеков алыстан келген қонақтарға қазақтың салты бойынша иығына шапан жауып, естелік суретке түсті.

Кездесу корейлік елшілер мен декандар арасындағы келіссөзбен жалғасты.