Пятница, Июнь 22, 2018
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде археологиялық зертхана ашылады

Жұбанов университетінде археологиялық зертхана ашылады

Бұл жөнінде бүгін Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков тарих факультетінің дала практикасында жүрген студенттерімен кездесу барысында мәлімдеді. Студенттер Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты Родниковка ауылының жанындағы археологиялық қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізуде. Экспедиция басшысы Арман Бисенбаевтың айтуынша бұл жерден табылған адам қалдықтары шамамен 2500 жыл бұрын өмір сүрген сармат тайпасының тұрғындарына тиесілі. Бір жерде жерленген екі адамның бірі әйел адам, бірі ер кісі, яғни ерлі-зайыптылар  деген жорамал бар. Оған себеп – сүйектердің жанынан табылған жебе оқтарының, сүйектен және қоладан жасалған ыдыстардың қалдықтары, әйел адамның ортаңғы саусағына тағылған алтын сақинасы.

Бауыржан Аманкелдіұлы жұмыс барысымен танысып,  осындай жұмыстарды нәтижелі жүргізу үшін арнайыландырылған зертханалар ашудың маңыздылығын атап кетті. «Біздің студенттеріміз бен ғалымдарымыз тарихи жерленімдерді зерттеп, бірлесе жұмыс жасап, жақсы жаңалықтарды тауып жатқаны қуанышты жайт. Сондықтан біздер студенттеріміздің нәтижелі жұмыс жасауы үшін барынша қолдау көрсетуіміз керек. Ең бірінші кезекте университетте арнайыландырылыған археологиялық  зертхана ашуымыз керек. Содан соң студенттердің әлеуметтік жағдайын, яғни тұратын шатырларынан бастап, қолданатын құрал-саймандарын жаңарту, дала практикасына бөлінетін сағат санын қайта қарастыру, бітіруші түлектердің әрі қарай білімдерін магистратурада жалғастыруын қамтамасыз ету мәселелері  сияқты сұрақтардың реттелуіне көңіл бөлеміз. Археологиялық зертхананы ашылып, ол қарқынды жұмыс жасап жатса, бұл біздің ұлтымыздың рухани жаңғыруына қосқан үлкен үлесіміз болары сөзсіз» — деді өз сөзінде ректор.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *