Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің оқытушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісіне қатысты

Жұбанов университетінің оқытушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісіне қатысты

Жақын аралықта физика-математика факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Людмила Мясникова және жаратластану факультетінің «Химия» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты Алмагүл Агишева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу-әдістемелік бірлестігінің екікүндік мәжілісіне қатысты. Ғылыми отырыстың тақырыбы «Елбасының «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктері» жолдауының аясында «Жаратылыстану бағытын оқыту бағдарламаларының модернизациясы».

Бірінші күні нақты ғылыми секциялар бойынша (ағымдағы жағдайларды сараптау, кадрларды дайындаудың технологиялары және жаңа тұстары, ПОҚ біліктілігін арттыру) сұрақтар талқыланды.

Екінші күні пленарлық мәжілісте секциялардың жұмысы қорытындыланып, «Химия» секциясы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында  резолюция қабылданды. Осылайша резолюция сұрақтары БҒМ және ҚР ЖОО дәрежесінде талқыланды.