Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті дәрігерлерін құттықтады

Жұбанов университеті дәрігерлерін құттықтады

Жұбанов университетінің студенттік емханасы — еліміздің жоғары оқу орындарының алғашқы медициналық мекемелерінің бірі.

Ол 1999 жылғы желтоқсан айында Ғылыми кеңестің шешімімен студенттерге сапалы амбулаториялық-емханалық көмекке қол жетімділігін ұйымдастыру, ауруларды ерте диагностикалау, уақытылы тиімді емдеу және профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын енгізу мақсатында ұйымдастырылды. Медициналық мекеме барлық көлемді мамандармен толық қамтамасыз етілген.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай  бүгін Жұбанов университетінің студенттік емханасының ұжымын салтанатты шарасы өтті.

Салтанатты шарада әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Қарылғаш Сатыбалдина құттықтау сөз сөйлеп,  ақ халатты абзал жандарға университет ректоры Бауыржан Ердембековтің арнайы марапаттарын табыстады.

Студенттік емхананың 8 қызметкері «Алғыс хаттар» және ақшалай сыйлықтармен марапатталса, келесі  6 қызметкерге  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі атынан «Құрмет грамотасы» тапсырылды.

Мерекелік шарада сөз сөйлеген университеттің Кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Жолдас  «Медицина кәсібі — адамгершіліктің асылы» деген сөз бар. Шын мәнісінде сіздердің жұмыстарыңыз қиын да, күрделі.

Өйткені адам денсаулығына, өміріне араша түсу талмай еңбек етуді, мұқияттылықты, қайраттылықты, жауапкершілік пен біліктіліктілікті талап етеді.   Ал сіздер осындай талап биігінен көрініп жүрсіздер. Жас ұрпақтың денсаулығын қадағалау мен сақтаудағы еңбектеріңізге табыстар тілеймін!», — деп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Салтанатты шарада университеттің студенттік өзін-өзі басқару ұйымының атынан  1-курс студенті Әлішер Тыныштық емхана дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мейірімді жүректері мен шипалы алақандары үшін ризашылығын білдірді.

Мерекелік шараны «Баспасөз қызметі» бөлімі, Кәсіподақ ұйымы,  Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті ұйымдастырды.