Четверг, Март 28, 2024
Басты > Білім > Конференция ағылшын тілінде өтті

Конференция ағылшын тілінде өтті

Ақтөбеде алғаш рет ағылшын тілінде конференция өтті. Шет тілді жетік меңгерген 200-ден астам маман қатысты. Еліміздің ағылшын тілі оқытушыларының бірлестігі ұйымдастырған ауқымды шараға Америка Құрама штаттарының Қазақстандағы елшілігі қолдау көрсетті.

Болашақта пәндерді ағылшын тілінде оқытуға даярланып жүрген мектеп мұғалімдері де бүгінгі конференцияға шақырылды. 8 секция бойынша шет тілін үйретудің үздік әдіс-тәсілі көрсетілді. Презентация, шеберлік-сағаттары мен көрме жұмысы ұйымдастырылды. «Конференцияның берері мол» -дейді Жұбанов университетінің мамандары

Үш тілділікті дамыту мақсатында мұғалім білікті шет тілі маманының тәжірибесін игереді. Мақсат — тіл оқыту деңгейін көтеру.

БЕНДЖАМИН ТЕЙЛОР

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ

— Мен Чикагоданмын. Екі жылдан бері Қарағанды қаласының политехникалық колледжінде ағылшын тілінен сабақ беремін. Ақтөбеге екінші рет келіп тұрмын. Конференцияға қатысқаныма қуаныштымын. Бүгінгі шара көптілділікті дамытуға зор ықпал етеді.

Айта кеткен жөн, Жұбанов университетінде биыл ағылшын тілінің магистратурасы ашылды. Бұл мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттып, деңгейін көтеруге сеп болмақ. Конференцияның Ақтөбеде өтуіне АҚШ-тың мемлекеттік департаменті және шетелдік компаниялардың Қазақстандағы ресми өкілдері қаржылай қолдау көрсетті.